Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйел қамауға алынды. Ол мас күйінде рульге отырып, жол апатына түскен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қамауға алынбас үшін әйел жүктілік туралы жалған медициналық анықтама жасатқан. Осы құжаттың арқасында ол жауапкершіліктен құтылып кеткен. Алайда кейін прокуратура анықтаманың қолдан жасалғанын анықтап, сот шешімімен әйел 20 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар, дәлелдерді бұрмалап, пара алған адамға 6,6 млн теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды. Осы оқиғадан кейін прокуратура медициналық құжаттарды рәсімдеуге бақылауды күшейтіп, 5 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты.
