Павлодарда көлік бір отар қойды қағып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 6 қыркүйекте «Омбы – Майқапшағай» автожолында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі жол үстінде жайылып жүрген қой отарын қағып кеткен.
Жол апатынан жүргізуші зардап шекпеді. Ол әкімшілік жауапқа тартылды.
