Әлеуметтік желіде Павлодардағы көшелердің бірінде көлікке оқ жаудырған сәт түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы Ulysmedia.kz.-ке сілтеме беріп. Павлодарда көліктерге оқ жаудырылып жатыр, арыз жазылды, барлығы тіркелді, — деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Осыған байланысты Павлодар облыстық Полиция департаменті жазбаға пікір білдірді.

«Аталған дерек Павлодардың Солтүстік полиция басқармасының жедел-іздестіру бөлімінде тіркеліп, белгісіз адам автокөлікке пневматикалық қарудан оқ атқаны анықталды, — деді ведомство өкілдері.»