Павлодарда әйелдің басына мұз құлап, оның денсаулығына едәуір залал келтірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-тексеру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Оқиғаға 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың абайсызда қатысы бар екені анықталды.

Айтуынша, ол балконда мұзды сындырмақ болғанда абайсызда қолынан түсіп кетіп, өтіп бара жатқан әйелдің басына түскен. Болған оқиғадан шошынған балалар болған жайды үлкендерге айтпай, жасырып қалған.

Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қыздың ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді.

Полиция ата-аналарды балаларына қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жүйелі түрде түсіндіруге және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алуға шақырды.