Павлодар ЖЭО-2-де құбыр желісінің герметикасы бұзылып, қатты дыбыс шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, оқиғадан кейін мердігер ұйымның екі жұмысшысы медициналық көмекке жүгінген.
«Павлодар ЖЭО-2-дегі №5 қазандық агрегатында іске қосу жұмыстары кезінде құбыр желісінің герметикасы бұзылды. Бір мезгілде №4 қазандық агрегатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатты. Мердігер ұйымның жұмыс жүргізіп жатқан бір қызметкері саңыраулануға, екіншісі балтыр аймағындағы ауырсынуға шағымданды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Медициналық мекемеде тексеруден өткеннен кейін екі жұмысшы да үйлеріне жіберілді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың жағдайы алаңдаушылық тудырмайды.
Кәсіпорында станция жабдықтарының жұмысы бақылауда екенін атап өтті.
Бұған дейін «Курсив» 2026 жылдың басында миллионерлер Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Орталық-Азия электр энергетикалық корпорациясы» Павлодардың жылу желілерін мемлекетке өтеусіз бергенін жазған болатын.
