Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қаланың орталық жағажайынан тікелей эфирге шығып, трансляция кезінде Ертіс өзеніне шомылды. Ол осылайша өзен суының ластанғаны туралы интернетте тараған ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздің орталық жағалау, бұл жерде қаншама адам өзінің демалысын өткізіп жатыр. Кейбір адамдар Ертістің суы таза емес деп жатыр, пікірлерді оқып жүрмін. Ертістің ағысы өте қатты, жылына 32 млрд текше метр су өтеді. Негізінде өзеннің көзі Моңғолия мен Шығыс Қазақстан таулары, соның суы ерігеннен пайда болады. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Асайын Байханов өзенге өзі түсіп, тазалықты көрсетті. Судың ағымы қатты болғандықтан, су таза. Біз суды жиі сараптамадан өткіземіз", - дейді Павлодар облысының әкімі.

Әкім тіпті басымен суға сүңгіп көрсетті. Ол өзен суын алақанына алып та, ұялы телефонды суға батырып та көрсетті.