Павлодар облысының полицейлері демалыс орындарында профилактикалық рейдтер жүргізіп, қоқыс, рұқсат етілмеген жерлерде от жағу және қоғамдық мүлікті бүлдіру үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасап Qazaqyia.kz хабарлайды.

Рейдтер «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтуде.

Тексерулер кезінде полицейлер жаднамалар таратып, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін түсіндіреді. Тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ерекше назар аударылады.

Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Максат Сариннің айтуынша, демалысшыларға бірнеше маңызды тыйымдар еске салынды.

Атап айтқанда, өзіңізден кейін тұрмыстық қоқыс қалдыруға тыйым салынады, ал от жағуға және қалдықтарды өртеуге тек арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі. Бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, полицейлер азаматтарды саябақтар мен жағажайлардың инфрақұрылымына ұқыпты қарауға және басқа демалысшыларды құрметтеуге шақырды.

Бұған дейін Курсив «сөйлейтін» дрондар Қазақстандағы жағажайларды патрульдей бастағанын жазған болатын.