Павлодар облысында туған қызын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол өзінің кәмелетке толмаған қызын қасақана өлтірген. Қылмыс 2025 жылы Павлодар облысының аумағында жасалған.

Сот үкімімен айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.