Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, былтыр 19 жастағы жігіт 15-ке келген қызбен хат алмасып жүріп, үйінде кездесуге көндірген. Сол жерде екеуінің арасында интимдік байланыс болған.
Оны білген қыздың анасы полицияға арыз түсіріп, кейін жас жігіт 12 жылға сотталып кеткен.
Қазіргі кезде адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларынан барлық жазба алынды.
"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде кәмелетке толмағанға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген сотталған адам асылып өлген", - делінген ресми хабарламада.
Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды деген хабар да бұған дейін тараған болатын.
