Павлодар облысы Ақсу қаласында көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
11 маусымда 3 жасар бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алған. Бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше: "Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, бала операция кезінде көз жұмды. Алған жарақаттары өте ауыр болған".
Айта кетері, жыл басынан бері Павлодар облысында үш бала терезеден құлаған.
