Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық жасаған күдіктіге үкім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.

Сот процесі жабық жағдайда өткізілді. Сотталушы О.-ның кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен және іс бойынша зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

Прокурор О.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сотталушы зорлау бойынша тағылған айыпты мойындамады, ал сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша ішінара кінәсін мойындады.

««Сот О.-ның мас күйінде аса ауыр екі қылмыс жасағанын, бұрын сотталғанын және оның әрекеттері қылмыстардың қауіпті қайталануы ретінде танылғанын ескерді. Нәтижесінде сотталушы О.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру; өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.»

Сонымен қатар сот жәбірленушінің талап арызын қанағаттандырып, моральдық зиян ретінде 7 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.