Бүгін Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі сағат 02:58-де түскен, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Ауылда 5 бөлмелі үй өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің шатыры, ондағы заттар мен жиһаз жанып жатқан. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр.

Облыстық ТЖД мәліметінше, үйде 6 адам болған. 3 адам (әйелі мен күйеуі, әже) өз күшімен жанып жатқан үйден шыққан.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

фото: ғаламтордан

qazaqyia.kz/