Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майкубен Вест» кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады. 1984 жылғы жұмысшы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.

«24 шілдеде Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" серіктестігі аумағында алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері көз жұмды», - дейді департамент басшысы Асқар Қапанов.

Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі.