Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға бүгін Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында болды. Жедел жәрдемге шақырту сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, аман қалған 38 жастағы ер адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
