Павлодар облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен Ертіс өзенінің жағасында демалу кезінде жоғалған қызды тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, жоғалу туралы хабарлама 112 пультіне түскі уақытта түскен. Өтініш берушінің айтуынша, кешке компания Павлодарское ауылының маңындағы Лодочная станциясы ауданында түнеп демалған. Таңертең қыздардың бірін таба алмаған, ал өз бетінше іздеу нәтиже бермеген.
«Аумақты тексеру үшін дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Ол арқылы құтқарушылар жоғалған қызға бірнеше рет үндеу жасады. Оларды естіген 2003 жылы туған қыз жауап беріп, іздеу тобына қарай жылжи бастады, бұл оның орналасқан жерін тез анықтауға мүмкіндік берді», — деп хабарлады ТЖМ.
Іздеу операциясы аяқталғаннан кейін қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ табиғатта демалу кезінде жалғыз кетпеу керектігін еске салды. Құтқарушылар жақындарына өз орналасқан жері туралы алдын ала хабарлауды, толық зарядталған ұялы телефонды алуды және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды ұсынады.
Бұған дейін «Курсив» Павлодарда жүргізуші трамвай желісінің тіреуіне соғылып қайтыс болғаны туралы жазған болатын.
