Павлодар облысында қатты жел мен бұршақ салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың мәліметінше, дауылдың салдарынан бірнеше елді мекенде үйлердің шатырлары жұлынып, электр желілері үзілген. Зардап шеккендердің екеуі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге жеткен. Бұршақтың мөлшері 2-3 сантиметр болған. Қазіргі уақытта зардаптарды жою жұмыстары жүргізілуде.