Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дуров терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша айыпталды. Ресми хабарламада Telegram әкімшілігі Украинаның арнайы қызметтері Ресейде диверсиялық-террористік актілер, адамдарды жаппай өлтіру мен кибералаяқтыққа дайындалу үшін белсенді пайдаланатын арналар, чаттар мен боттарды жоймағаны айтылды.
«Бұның барлығы көптеген адамның, соның ішінде балалар мен әйелдердің өліміне себеп болған, миллиардаған материалдық шығын да келген», — делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты Telegram мессенджері әкімшілігінің жетекшісі Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды. Ресейде бұл қылмыс үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, 300-700 мың рубль немесе 2-4 жылдық жалақы көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Сот қылмыстың ауырлығына қарай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын да тағайындай алады.
