Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар Украинада шығарылмайтын болуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап, жаңа тосқауылдаушы зымырандар Украина аумағында Ресейдің ықтимал соққыларына нысана болмас үшін Германияда немесе Еуропаның басқа бір елінде өндірілуі мүмкін екенін жазды.
Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Анкарадағы саммиті аясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Келіссөз барысында Трамп Украинаға Patriot жүйелерін өндіруге лицензия берілуі мүмкін екенін мәлімдеген.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, мұндай лицензия негізінде өндіріс әзірге тек Жапония мен Германияда жолға қойылған.
Мәскеу бұған дейін бірнеше рет Батыс елдеріне Киевке қару-жарақ жеткізу жағдайды өзгертпейтінін, тек қақтығысты созатынын ескерткен. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұндай кез келген әскери жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын атап өткен болатын.
