Украина президенті Владимир Зеленский Patriot зымырандарының жеткіліксіздігі туралы дабыл қағып, бұл туралы Die Welt басылымы жазды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленскийдің айтуынша, қыс қарсаңында Украина өте қиын жағдайда тұр. Ол дипломаттарын бүкіл әлемге дабыл қағуға шақырып қана қоймай, өзі де көмек сұрап жатыр. Материалда әлемде әуе шабуылына қарсы зымырандар тапшы екені, мұндай зымырандар Еуропа елдерінде де, АҚШ-та да жеткіліксіз екені айтылған.
Өткен айдың соңында АҚШ президенті Украина басшысымен жабық кездесу өткізді. Оның қорытындысы бойынша Зеленский Трамп Киевке тосқауылдаушы зымырандарды өндіруге лицензия беруге келісті деп мәлімдеген. Кейінірек АҚШ зымырандарды Польшада өндіру қауіпсіздеу деген шешімге келгені хабарланды.
Өткен аптада Financial Times басылымы Ақ үй басшысы Киевке қосымша зымырандар беруден бас тартқанын жазды. Трамп бұл шешімін зымырандардың тапшылығымен байланыстырып түсіндірген.
