Маска киген «Патриот Фронт» ақ нәсілшілдері 4 шілде күні Вашингтонда шеру өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шеру Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Топ мүшелері маска киіп, ақ нәсілдің үстемдігін насихаттайтын ұрандар көтерген.