Армения Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодаққа бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Шолпан-Атадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пашинянның айтуынша, Армения ЕАЭО-ға мүше төрт мемлекет көшбасшыларының 2026 жылғы 29 мамырдағы мәлімдемесін назарға алды. Онда Арменияда ЕАЭО-ға қосылу туралы референдум өткізуді қолдайтыны айтылған.

Ол 2025 жылы Арменияның Еуроодаққа қосылуы туралы заң қабылдағанын еске салды. «Бұл заңды қабылдаудың стратегиялық мақсаты – біздің еліміз үшін балама жасау. Біз ЕАЭО мен Еуроодаққа мүше болу мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен бұл заңды қабылдаудың өзі Арменияның бүгінде Еуроодақ мүшесі болу мүмкіндігіне ие екенін білдірмейді», – деді Пашинян.

Пашинян Арменияның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасында ЕАЭО-дағы мәртебесіне қайшы келетін ешқандай міндеттемелер жоқ екенін атап өтті. «Армения мен Еуропалық Одақ арасындағы қазіргі қарым-қатынаста ЕАЭО ішіндегі және аясындағы мәртебемізге қайшы келетін ешқандай заңды, экономикалық немесе саяси міндеттемелер жоқ екенін айтуым керек», – деді ол.

29 мамырда Астанадағы ЕАЭО саммитінде Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан көшбасшылары Арменияда Еуроодаққа кіру немесе ЕАЭО құрамында қалу туралы жалпыұлттық референдум өткізу қажеттілігі туралы ортақ ұстанымын білдіретін бірлескен мәлімдеме қабылдады.