Франциядағы студенттер наразылығы төртінші аптасына аяқ басып, жаңа серпін алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
BBC тілшісі Джеймс Уотерхаустың мәлімдеуінше, наразылықтар жаңа күшпен жалғасуда. Франция бойынша өткен жалпыхалықтық шерулер нашар сынып жағдайларына, соның ішінде ескі ғимараттарға, мұғалімдер тапшылығына және сыныптардың толып кетуіне қарсы бағытталған.
Бұл наразылықтар Франциядағы білім беру жүйесіне кедергі келтірді: жүздеген лицейлер (15-18 жастағы оқушылар колледждері) жабылуға мәжбүр болды.
Париж көшелеріндегі студенттер BBC-ге әзірге ешқандай нәтижеге қол жеткізбегендерін және қазір тоқтау «жеңіліс» болатынын айтты.
