Франция полициясы Парижде өтуі жоспарланған ирандық оппозициялық митингіге соңғы сәтте тыйым салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Митингіні ұйымдастырушылар бұл шешімге наразылық білдіріп, оны әділетсіз деп атады. Полиция тыйым салуды қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігімен түсіндірді. Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.