Францияда сенбі күні өткен наразылықтар кей жерлерде тәртіпсіздікке ұласты. Парижде полиция мен наразылық білдірушілер қақтығысып, тәртіпсіздік байқалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күндіз негізінен бейбіт өткен наразылықтар күн батқаннан кейін тәртіпсіздікке айналды: наразылық білдірушілер полицияға заттар мен отшашулар лақтырғаны байқалды.

Франция бойынша екінші апта қатарынан шамамен 70 мың полицей қызметке тартылып, олар тобырды тарату үшін газ және су атқыштарды қолданды.

Ішкі істер министрлігінің бағалауы бойынша, сенбі күнгі наразылықтарға шамамен 400 мың адам қатысқан, мыңға жуық адам ұсталған.

Еуропа бойынша тілші Ник Бик Парижден хабарлап, тәртіпсіздіктің жақын арада басылатынына белгі аз екенін айтты.