Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 тамызда болған. Ербол Хамитов — Қазақстанның паралимпиадалық спортшысы, ол жүзу спортынан бірнеше халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен. Оның қазасы спорт әлемінде үлкен қайғыға ұласты.
Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Ербол Хамитовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.
