Панама туы астындағы жүк кемесі Үндістанның шығыс жағалауында суға батты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жағалау күзетінің мәліметінше, оқиға сенбі күні болған. Кеменің аты-жөні және экипаж мүшелерінің тағдыры туралы қосымша ақпарат әзірге жоқ. Құтқару операциясы жүріп жатыр.
