Флорида штатындағы Палм-Бич халықаралық әуежайы ресми түрде атын өзгертіп, бұрынғы президент Дональд Трамптың құрметіне аталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежайдың жаңа атауы — «Палм-Бич халықаралық әуежайы — Дональд Дж. Трамп атындағы» болып бекітілді. Бұл шешім жергілікті билік органдарының ұзақ талқылауынан кейін қабылданды. Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясы осы әуежайға жақын орналасқан.