Пәкістанда жол жиегінде болған жарылыстардан жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Жараланғандардың саны мен жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.
Жарылыстардың мән-жайы әлі анықталуда. Ешбір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
