Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында мектеп шатыры құлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аурухана өкілдерінің мәліметінше, кемінде 33 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты, ал оннан астам адам жарақат алды.
Полиция бастығы Миан Саид мектеп иесінің ұсталғанын жариялап, «құрылыс нормаларының бұзылған-бұзылмағанын» мұқият тексеруге уәде берді.
BBC тілшісі Кэрри Дэвис оқиға орнынан тікелей эфирде хабарлады.
