Пәкістан премьер-министрі АҚШ пен Иран арасында келіссөздерден кейін бейбіт келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісімнің нақты шарттары әзірге жарияланбады, бірақ Пәкістан премьері бұл қадамды аймақтағы тұрақтылық үшін маңызды деп атады. АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс бірнеше жыл бойы жалғасып келген болатын. Reuters дереккөзі бойынша, келіссөздер Пәкістанның делдалдығымен өткен.
