Пәкістан валюта резервтерін арттыру үшін АҚШ-тан $10 миллиард көлеміндегі қолдау құралын сұрап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің айтуынша, Пәкістан билігі АҚШ-тың қаржылық қолдауы арқылы елдің валюта резервтерін нығайтуға үміттенеді. Бұл қадам Пәкістанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
