Америкалық рэпер және продюсер P. Diddy (Шон Комбс) түрмеден 2028 жылғы 21 қаңтарда шығуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін әртіс түрмеде тағы бірнеше ай артық отырады деп күтілген еді. USA Today басылымының жазуынша, Федералдық түрмелер бюросы Комбстың шығу күнін тағы қайта қараған. Бастапқыда ол 2028 жылдың сәуірінде шығуы тиіс болатын. Кейін күн 8 мамырға, одан соң 2028 жылғы 5 ақпанға ауыстырылды. Енді ол тағы да шамамен екі аптаға шегерілді.
Комбс қазір FCI Fort Dix федералдық түрмесінде 50 айлық мерзімін өтеп жатыр. 2025 жылдың қазанында алқабилер соты оны штатаралық шекара арқылы жезөкшелікпен айналысу мақсатында адам тасымалдау бойынша екі тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Сонымен қатар ең ауыр айыптар — рэкет және жыныстық қанау мақсатында адам саудасы — бойынша Комбс ақталды.
Үкім шыққаннан кейін оның түрмеден шығу күні бірнеше рет өзгерді. Оның ішінде мерзім американдық First Step Act заңының ережелері ескеріліп қысқартылды. Сондай-ақ шығу күніне тұтқынның мінез-құлқы да әсер етуі мүмкін. P. Diddy өкілі Джуда Энгельмайер әртістің тарапы Федералдық бюроның шығу күнін неге өзгертіп жатқанын білмейтінін мәлімдеді.
Түрмеден шыққаннан кейін Комбс тағы бес жыл бақылауда болады. Сот оған бірқатар шектеулер де белгіледі.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle американдық рэпер Шон Комбстың, яғни P. Diddy-дің адвокаттары төленбеген шоттар мен толық байланыстың үзілуіне байланысты оның мүдделерін қорғауды одан әрі жалғастырудан бас тартқанын жазған болатын. Заңгерлер соттан істен шығуға рұқсат сұраған.
