Отбасы банк алдын ала және аралық ипотека үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу тәртібі қалай өзгеретінін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу принципі өзгереді. Атап айтқанда, комиссия мөлшерінің өзі бұрынғыдай кредит сомасының 1 процентін құрайды. Ал ірі сомалар үшін комиссияның шекті мәндері ғана өзгереді.

Келесі айда енгізілетін комиссиялар

  • 01заем 50 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 300 000 теңгеден аспайды.
  • 02заем 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 500 000 теңгеден аспайды.
  • 03заем 100 млн теңгеден жоғары сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайды.

"Банк статистикасы бойынша клиенттердің 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алады. Комиссия бойынша шекті мәндер тек ірі сомадағы заемдарға ғана қатысты", - дейді банк мамандары.

31 қазанға дейінгі өтінімдер қалай қаралады

Жаңа шарттар 31 қазаннан бастап қабылдаған несиелік өтінімдерге қолданылады. Көрсетілген күнге дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы шарттармен қарастырылады. Сондай-ақ жаңа ереже бұған дейін беріліп қойған заемдарға қолданылмайды.

"Бұл өзгеріс берілетін заем сомасын ескере отырып, комиссияның шекті мөлшерін анықтауда неғұрлым әділетті тәсілді қолдануға бағытталған", - делінген ресми хабарламада.

Комиссияны есептеу мысалдары

Отбасы банкі комиссияны есептеу мысалдарын да келтірді:

  • 01Заем сомасы 20 млн теңге. 31 қазаннан бастап комиссияны есептеу: 20 000 000 × 1% = 200 000 теңге. Бұған дейін де комиссия 200 000 теңгені құрайтын еді.
  • 02Заем сомасы 70 млн теңге. Есептелуі: 70 000 000 × 1% = 700 000 теңге. Бұған дейін комиссия мөлшері: 300 000 теңге болатын еді. 31 қазаннан бастап: 500 000 теңге.

Комиссия заем берілген кезде бір рет қана алынады. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін заемдар бойынша бұл комиссия алынбайды.