Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Құрылтайдың сайланған барлық депутаты қатысты. Бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутатын тіркеуді көздейтін қаулы жобалары әзірленді.

Осыған байланысты: - "Әділет" партиясынан - 110 депутат, - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан - 8, - "Ауыл" партиясынан - 10, - "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясынан – 8, - "Respublica" партиясынан - 9 депутат тіркелді.

Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарына куәлігі мен төсбелгісін табыстады.