Бішкектегі жаңа «Бішкек Арена» стадионының қасбетінде динамикалық жарықтандыру жүйесі алғаш рет сынақтан өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
24.KG хабарлауынша, кешке қарай Орта Азиядағы ең үлкен стадион түрлі-түсті шамдармен жарқырап, сынақ бейнежазбасын Қырғызстан президентінің іс басқармасы жариялады.
Кадрларда арена қасбетінің біртіндеп түстерін өзгертіп, заманауи жарықтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін көрсеткені байқалады.
Еске сала кетейік, «Бішкек Аренасының» құрылысын 2026 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңа стадионда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне Қырғызстанға келетін мемлекет басшыларының қатысуы күтілуде.
«Бішкек Аренасының» диаметрі 280 метр, биіктігі 70 метр. Жобаны сәулетші Махамад Рахманали уулу әзірледі. Бастапқыда стадион 45 мың көрерменге арналған болатын, бірақ Азия Кубогының финалын өткізу үшін оның сыйымдылығы 51 мың орынға дейін кеңейтілді. Осылайша, арена Қырғызстанда ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанда ашылуы жоспарланған жаңа стадиондардан да асып түседі.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle жаңа алаңда Ye (Канье Уэст) өнер көрсете ме деген мәселені қарастырған болатын.
