Orda.kz ақпарат порталы 1 қыркүйектен бастап қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шешімді Ordamedia.kz құрылтайшысы әрі ЖШС бірінші басшысы Мақсат Ғаниев қабылдады. Порталдың мәлімдемесінде: "Редакцияның тапқан табысы оның жұмысын жалғастыруға жеткіліксіз. Қабылданған шешімнің астарында қандай да бір басқа себеп жоқ", — делінген.
Бұған дейін Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, алайда жаза екі жылға кейінге қалдырылды. Бажкеноваға үш бап бойынша – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету және жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылған.
