Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Ол рухани тазару мен парасаттылық, сабыр мен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен жанашырлық сияқты құндылықтарды дәріптейді.

Мемлекет басшысы отыз күн ораза тұтқан жұрттың иманын байытып, игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созатынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ата дәстүр мен асыл діннің ел бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратынын жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ораза айттың Наурыз мерекесімен қатар келуінің символдық мәні зор екеніне назар аударды. Ол мұны халықтың жаңа Ата заңды қабылдап, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдауымен байланыстырды.

««Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Ораза айт қабыл болсын!», – делінген Президенттің құттықтауында.»