Орал қаласынан Мәскеуге тікелей рейс іске қосылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Орал әуежайының әкімшілігі Мәскеуге жаңа тікелей рейстің іске қосылғанын хабарлады. 27 қазаннан бастап Орал - Мәскеу - Орал бағыты бойынша Ресей астанасына рейстерді Nordwind әуекомпаниясы орындайды.

Рейстер аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері Boeing 737-800 ұшағымен жүзеге асырылады.

Nordwind - жолаушылар айналымы бойынша Ресейдегі ең ірі он авиакомпанияның бірі.

Авиакомпанияның маршруттық желісі Ресей Федерациясы мен шет елдер бойынша 85-тен астам ұшу бағыттарын қамтиды. Рейстерге билеттер сатылымда, деп атап өтті әуе айлағының баспасөз қызметі.