Оралда кәдімгі комиссиялық дүкен секілді жұмыс істеп, халыққа заңсыз несие таратқан әйелдің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

«Аванс 07» ЖШС-нің микроқаржылық қызметке ешқандай лицензиясы болмаған. Сондықтан олар алтынды сақтау қызметі деген желеумен халықтан жоғары пайыз алып отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі тексеріс бастағанға дейін кәсіпкер осындай 2000-ға жуық заңсыз келісімшарт жасап, 128 миллион теңге пайда көріп үлгерген.

Қазіргі таңда күдіктінің көлігі мен 6 миллион теңгесіне тыйым салынды.