


Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, оның мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын және экологияны сақтау болып табылады. Орал қаласында осы экологиялық акция аясында облыс жастарының бастамасымен «Біз таза ел үшін» қоқыс жинап жарысу шарасы өтті. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып,


