Орал қаласында бесқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан жеті адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Аманжолов көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде тұтанған. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар ғимараттан тұрғындарды алып шығып, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін «Курсив» Көкшетауда жоғалған төрт жасар баланың құрылыс алаңынан өлі табылғанын жазған болатын.