Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп әдебиетіне қосымша сараптама жүргізіп, оны жетілдіру үстінде. Тексеру барысында сарапшылар дайындалған кітаптардан 700-ден астам қате мен ескертуді анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство оқу құралдары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қосымша сүзгіден өткенін еске салды. Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет министрі Аида Балаева әртүрлі сипаттағы 700-ден астам ақау анықталғанын хабарлады. Осыған байланысты кітаптар тізбесін бекіту баспалармен бірлесіп кемшіліктерді жою үшін тоқтатылды.
Әдебиеттерді ауыстыру процесі бірнеше кезеңге бөлінді:
- 01Бірінші кезең: анықталған қателерді түзету үшін баспалармен бірлесіп жұмыс жүргізу.
- 02Екінші кезең: түзетілген нұсқаларды қайта сараптау.
- 03Үшінші кезең: оқулықтарды мектептерге жеткізу.
Айта кетейік, Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуына дәл бір жарым ай қалды.
Мектеп мұғалімдері оқу материалдарын таңдауды Etandau.gov.kz электронды платформасы арқылы тікелей жүзеге асырды. Олардың сұраныстары негізінде әкімдіктер өтінімдерді қалыптастырып, баспаларға жіберді.
Сонымен қатар, өңірлерде қалған сыныптар үшін кітаптарды қосымша сатып алу жүріп жатыр. Бұл елдегі оқушылар санының жыл сайынғы өсуіне және мектеп кітапхана қорларын жоспарлы жаңарту қажеттілігіне байланысты.
