Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Айбат Ілиясов 1982 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде оқу-қосалқы персонал операторы болып бастады.

2006-2007 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маман.

2008-2009 жылдары — Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығында бас маман.

2009 жылдан 2012 жылға дейін — ҚР Жоғарғы соты құрылымдарында бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы.

2013-2022 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі болып қызмет етті.

qazaqyia.kz/