Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаева Астанадан Алматыға қатынайтын тұрақты рейстің бортынан байқалды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты белгілі блогер әрі саяхатшы Әлішер Елікбаев әлеуметтік желіде бөлісті. Ол экс-сенаторды жеке өзі көргенін және оның қасында оққағары болғанын жазған.

Қаңтар оқиғасынан кейін саяси аренадан кеткен Дариға Назарбаева соңғы уақытта көпшілік алдына сирек шығатын болған. Сондықтан оның қарапайым рейспен ұшуы желі қолданушылары арасында біраз талқы тудырды.

Әлішер Елікбаев Назарбаеваның нақты қай әуе компаниясының қызметін пайдаланғанын және ұшақ ішінде өзін қалай ұстағаны туралы ешқандай мәлімет бермеді.

Фото: Әлеуметтік желіден