OpenAI компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өз үлесінің 5% беруді ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасап Qazaqyia.kz порталы хабарлайды.
Ұсыныс жасалған келісімнің нақты шарттары әзірге белгісіз. Алайда бұл қадам OpenAI-дің мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған болуы мүмкін.
