Мұнай өндірісін ерікті түрде қысқартқан ОПЕК+ елдерінің өкілдері – Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман бүгін желтоқсандағы өндіріс жоспарларын талқылау үшін кездеседі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдер желтоқсанда рұқсат етілген мұнай өндірісінің максималды көлемін өзгеріссіз қалдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Reuters бұған дейін дереккөздерге сілтеме жасай отырып.

Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман қазан айында қараша айындағы рұқсат етілген мұнай өндірісінің ең жоғарғы деңгейін қыркүйек және қазан айларына белгіленген деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.

ОПЕК+ жеті елі келісім бойынша белгіленген жалпы квоталардан басқа ерікті түрде қысқартулар жасады.

Өткен жылдың сәуір айынан бастап қатысушылар келесі айға арналған айлық өндіріс жоспарларын талқылап, бұл шектеулерді біртіндеп алып тастап келеді.

Қыркүйек айында елдер бұл қысқартулардан шығуды аяқтады.