ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйек айында мұнай өндірісінің шегін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстанның қыркүйек айындағы квотасы тәулігіне 1,628 миллион баррельді құрайды. ОПЕК+ ұйымының келесі отырысы 6 қыркүйекте өтеді.
Бұл 2023 жылы өндірісті ерікті түрде қысқартуды жариялаған ОПЕК+ елдері: Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман.
