Бүгін ОПЕК+ кездесуінде жеті мемлекет мұнай өндіру шегін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімге келген жеті мемлекеттің барлығы 2023 жылы мұнай өндіру көлемін өз еркімен қысқартқан болатын. Олар: Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Алжир мен Оман.

Тамыз айынан бастап олар мұнай өндіру шегін тәулігіне 188 мың баррельге арттырады. Бірлескен мәлімдемеге сәйкес, Қазақстанның тамыз айындағы квотасы тәулігіне 1,618 млн баррель құрайды.

ОПЕК+ елдерінің келесі кездесуі 2 тамызда өтеді.