Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында ер адам сауда орталығында адамдарға пышақпен тап беріп, сегіз адамды жаралады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 13 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:40 шамасында болған. Yonhap агенттігінің мәліметінше, ер адам екі қолына екі пышақ байлап алып, Homeplus супермаркетіндегі эскалаторда адамдарға сермеген.

Куәгерлер оның қолындағы пышақтарды тартып алған, кейін күдіктіні полиция ұстаған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті 59 жаста. Зардап шеккен сегіз адам да ауруханаға жеткізілді.

Олардың бірі – әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер ота жасап, оның жүрек соғысын қалпына келтірген.