Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағалауында сәрсенбі күні буксир кемесі аударылып, суға батып, бір экипаж мүшесі қаза тауып, алтауы хабарсыз кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жағалау күзетінің мәлімдемесінше, 286 тонналық буксир кемесі сәрсенбі күні таңертең Пусан қаласының жағалауындағы суларда сауда кемесін сүйреу үшін жолға шыққан. Кемеде сегіз экипаж мүшесі болған.

Буксир аударылғаннан кейін, экипаж мүшелерінің бірі — Индонезия азаматы сауда кемесімен құтқарылды. Тағы бір экипаж мүшесі — Оңтүстік Корея азаматы жағалау күзетінің құтқарушыларымен ес-түссіз күйде табылып, материктегі ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.

Жағалау күзеті мен әскери-теңіз күштері хабарсыз кеткен алты экипаж мүшесін іздеу үшін кемелер, ұшақтар және басқа да техникаларды жұмылдырды. Президент Ли Чжэ Мён барлық қолжетімді ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

Жағалау күзетінің мәліметінше, буксир кемесі аударылғаны туралы хабарланғаннан кейін шамамен екі сағат өткен соң, сағат 15:30 шамасында (06:30 GMT) суға батқан. Аударылу себебі әзірге белгісіз.